• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 20 Сәуір, 2022

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

408 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», делінген ANTIKOR хабарламасында.

Сондай-ақ аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.