• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2022

Қажетті техника ауылда құрастырылды

300 рет
көрсетілді

Келес ауданы, Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Абзал Жасұзақ ауыл шаруашылығына көмектесетін техника құрастырып шығарды.

Ол бұл техниканы жасауға алты ай уақыт жұмсаған. Жүк тасуға, қора тазалауға, тағы басқа жұмыстарға өте қолайлы шағын техника мал шаруашылығымен айналысатындарға таптырмас құрал болғалы тұр.

Техникаға әуес Абзал Жасұзақ мектепті бітірген соң аудан орталығы Абай ауы­лындағы №13 кәсіптік кол­леджін­де білім алған. Бұған дейін де 33 жастағы әуесқой маман мал шаруашылығына ыңғайлы бірнеше құрылғы жасап, оларды кәдеге жарата білген. Жақында жасап шыққан бұл техникасын шебер «SherAz» маркасымен таңбалапты, онысы «Шебер Аб­зал» дегенді білдіреді екен. Мал шаруашылығымен айна­лысатын өнертапқыш ауыл тұрғындарына пайдасы мол техникалар шығару бағы­тында ізденіс аясын кеңейте түсуді мақсат етіп отыр.