Павлодар облысындағы мектептен өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 21 сәуір сағат 08.40-та Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесінде орналасқан мектептен өрт шыққаны туралы хабар түскен. № 28 орта білім мектебінің екінші қабатынан өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 576 адам эвакуацияланған, оның 551-і оқушы. Оқиға орнына ТЖД 50 қызметкері және 12 бірлік техника, АМО ФМУ - 4 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.