Павлодарда өрт шыққан мектепте мұғалім зардап шекті. Ол орташа дәрежеде улы газдан улану диагнозымен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұстаздың жағдайы тұрақты деп бағаланады.
«1975 жылы туған химия пәнінің мұғалімі бірінші қалалық аурухананың терапевтік бөліміне жатқызылды», деді басқармадан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы мектептен өрт шыққанын хабарлаған едік.