• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Сәуір, 2022

Өзбекстанда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды

359 рет
көрсетілді

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Өзбекстанның Самарқанд және Жызақ облыстарының көп бөлігінде су тасқыны болды, деп хабарлайды Egemen.kz ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 сәуірде басталған нөсер жаңбырдан кейін 20 сәуірде Самарқанд және Жызақ облыстарының бірқатар ауданында сел мен су тасқыны байқалды.

Атап айтқанда, су тасқыны Жызақ облысының Бахмал, Фориш, Ғаллаарал және Ш.Рашидов аудандарында байқалған. Алдын ала мәлімет бойынша, Фориш ауданындағы су тасқыны салдарынан 4 адам (1 ер, 3 әйел) қаза тапқан.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Самарқанд облысының Иштихон, Булунғыр және Үргут аудандарында су тасқыны болып, М-39 халықаралық тас жолының бөліктерін су басқаны айтылады хабарламада.

Құтқарушылар төтенше жағдай салдарын жою шараларын қабылдап жатыр.