• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 21 Сәуір, 2022

Сыртқы істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

383 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар тағайындау, болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін осы қызметте болған Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

Сонымен қатар Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі лауазымынан босатылды.

Бұл қызметке Марат Зеникенұлы тағайындалды, Сондай-ақ Марат Зеникенұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.