• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2022

Qnet қаржы пирамидасының жетекшілеріне қатысты тергеу жүріп жатыр

457 рет
көрсетілді

Қаржы мониторингі агенттігі Qnet халықаралық қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Компанияның Қазақстанда тіркеуі жоқ. Кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялар, рұқсаттар жоқ», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты департаментте атап өтілгендей, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.