Үкімет 23 Сәуір, 2022

Президент тапсырмасын орындамаған Қамалиев қызметінен кетті

353 рет
көрсетілді

Берік Қамалиев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан обылысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмалары уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды», делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінде.