• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Теннис 23 Сәуір, 2022

Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды

489 рет
көрсетілді

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен күш сынасты.

Е.Маклакова мен К.Зайцева осы доданың екінші ракеткалары еді. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар екінші сетте де осы қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4.

Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар