• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Күрес 24 Сәуір, 2022

Нұрқожа Қайпанов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

489 рет
көрсетілді

Ұлан-Батырдағы еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқожа Қайпанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол осыған дейін екі мәрте Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған еді. Бұл жолы 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа ирандық Йонес Алиакбар Эмамичогаеймен белдесті.

Қарсыластар бұдан бұрын өзара бір рет күресіп, онда Қайпанов ұтқан еді. Бүгін жеңіс ирандық балуанның еншісінде кетті - 2:5. Н. Қайпанов күміс медальді қанағат тұтты.

Тағы бір қазақстандық Акбар Құрбанов 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол бахрейндік Әлібек Әлібеговтен тартысты бәсекеде 5:4 есебімен айласын асырды. Бүгін тағы екі қазақстандық финалда күреседі.