Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Қазығұрт және Сарыағаш ауданындағы жауын-шашын салдарын жою бойынша арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түркістанда өткен мәжілісте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев елді мекендерді судан тазартып, тұрғындарға заң аясында көмек көрсетуді тапсырды.
«Қазығұрт пен Сарыағаштағы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылып, шығындар объективті есептелуі тиіс. Мал шығыны бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде өз міндеттерін орындасын. Бұл – жергілікті, аудандық деңгейде шешілетін мәселе. Біздің жіті назарымызда тұр», деді Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Қазығұрттағы 4 елді мекен мен Сарыағаштағы бір елді мекенде жауын-шашын салдарын жою бағытында түнімен жұмыс жүргенін, әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Аяна Тоғанбек