• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасы: Терроризм актілеріне қатысты 45 іс қаралып жатыр

500 рет
көрсетілді

Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдарының іс жүргізуінде 5 041 қылмыстық іс бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында болған. Әрбір өңірде тергеу топтары тергеу әрекеттерін жүргізіп, олардың аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолдануда. Қазіргі кезде тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 5 041 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілеріне қатысты – 45», деді Е. Қилымжанов.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының прокуратурасы қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдіктінің ісін сотқа берді.

Аяна Тоғанбек