• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Өнер 26 Сәуір, 2022

Бас жүлде Болгария әншісіне бұйырды

417 рет
көрсетілді

Қостанайда үш күнге ұласқан «Алтын микрофон-2022» халық­аралық байқауы да аяқталды. Жас әншілердің дәстүрлі додасына Қазақстанның әр түкпірінен және Армения, Болгария, Қыр­ғызстан елдерінен келген 49 үміткер қатысты.

Өнерлі жастарға әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сей­дол­лаұлы, Мәдениет қай­рат­кері, «Боз­­­­­­­торғай» және «Шаттық» ха­­лық­аралық байқауларының дирек­торы, «Витебскідегі Сла­вян базары» халықаралық бай­қауының Қазақстандағы өкілі Қар­лығаш Әбдікәрімова, «Реч­ные ноты» және «Сарандев» халықаралық фестивальдарының ресми өкілі Николай Текелиев, «Витебсктегі Славян базары» ха­лық­аралық фести­ва­лі­нің ди­­ректоры Глеб Лапиц­кий, Қыр­ғызстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның еңбек сіңірген әртісі, «KGтай» балалар жобасының ав­­торы және продюсері, Art Bulak қоғамдық қорының директоры Гүлнара Тойғанбаева, «Европа Молодая» халық­аралық фестиваль-байқауының директоры, Украинадағы «Музыкальное созвездие» фестивалінің арт-директоры Татьяна Апанасенко сияқты өнер қай­раткерлері қазы­лық етті.

Екі күнге созылған қос айналымнан соң қазылар алқасының ше­ші­мімен бай­қау жеңімпаздары анықталды.

Кіші топта Қостанай облысы, Жіті­қа­ра ауданынан келген Ильназ Сатымова жүл­делі 3-орыннан көрінсе, 2-орын Қос­та­най қаласының жас әншісі Сағындық Түгелдің енші­сі­не бұ­йырды. Ал 1-орынды Бұрын­дай­дан келген Тамерлан Абдола жеңіп алды. Орта топ қа­ты­су­шы­­лары ішін­де жіті­қара­лық Яс­ми­на Аю­­пова 3-орын­ды иеленсе, 2-орын­ға Орал қала­сы­нан келген Мөлдір Базарбай лайық деп та­ныл­ды. Бұл топта Нұр-Сұлтан қала­сының жас таланты Адель Күнәділова үздік өнер көрсетіп, байқау жеңімпазы атанды.

Ересек жастағы өнерпаз­дар­дың іші­нен елордалық Ерасыл Мұқанов үшін­ші, Бішкектен кел­ген Айдай Бал­баева екінші орынды қанағат тұтса, 1-орынды Нұр-Сұлтан қаласының жас ән­шісі Алина Сағынбаева жеңіп алды. Бай­қаудың нағыз қыз­­ған тұ­­сында «Шебер­лер» тобындағы өнерпаздар сахнаға көтерілді. Бұл топта өнер көрсет­кен ән­ші­­лердің жастығына қара­мас­тан әбден ысылып қалғаны кө­рі­ніп-ақ тұрды. Қазы­лар ал­қа­сы «шеберлердің» іші­нен елордалық Бағдәулет Ермаханды 3-орынға лайық деп тапты. Ел аста­насынан келген тағы бір жас әнші Ділназ Сапар­ға­­лиева екінші орынды ен­ші­ле­­ді. 1-орын Армения әншісі Татевик Арцрунянға бұйырды. Ал «Алтын микрофон-2022» ха­лықаралық байқауының Бас жүл­десін Болгария елінен келген жас дарын Славея Иванова жеңіп алды.

Өнер байқауының марапаттау рәсі­мі­не облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова қа­тысып, жас өнерпаздарды құт­­тықтады.

– «Алтын микрофон» халық­ара­лық байқауы Қостанайдың таңдаулы өнер жобаларының бірі болып табылады. Бұл байқау жергілікті дарынды балалардың халық­аралық деңгейге шығуына жол ашады. Жыл сайын жаңа есімдер анықталып, олар түрлі деңгейдегі асуларды бағындырып жүргеніне куә болып жатамыз. Мәселен, Ернар Садырбаев, Балуан Беркенов, тағы да басқа бү­гін­де есімдері бүкіл елге танымал бол­ған өнер­паздар осы бай­қау­дан қанаттанып шықты, – деді Б.Есімова.