• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2022

Павлодарда өртенген мектептің оқушылары дәстүрлі оқуға оралды

190 рет
көрсетілді

Павлодарлық №28 мектептің оқушылары екіге бөлініп, қайтадан оффлайн білім ала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Өткен аптада №28 ЖОББМ оқушылары үшін сабақтар онлайн өтті. Бүгіннен бастап бастауыш 557 оқушы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде оффлайн режимде оқиды. Қалған 5-11-сыныптардың 529 оқушысы №35 жалпы орта білім беру мектебіне барады. Барлық сабақтар кесте бойынша өткізіледі.  Жағдай бақылауға алынған, - деді №28 ЖОББМ директоры Гүлмира Мантықова.

№28 ЖОМ басшысының айтуынша, екі мектепте де жаңадан келген балаларға тамақтану ұйымдастырылған.Өрт  болған мектепте жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Павлодар облысындағы мектептен өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды.