• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2022

Илон Маск Twitter желісін сатып алды

368 рет
көрсетілді

Twitter компаниясы SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск әлеуметтік желіні 44 миллиард долларға сатып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.

«Twitter, Inc. бүгін Илон Маскқа тиесілі компания бір акцияны 54,2 долларға сатып алатыны туралы түпкілікті келісім жасайтынын мәлімдеді, мәміле шамамен 44 миллиард долларға бағаланады», делінген хабарламада.

Бұған дейін Маск пен Twitter өкілдері әлеуметтік желіні 43 миллиард долларға сатуды талқылау үшін кездескен еді.