• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2022

Қазақстан ормандарында 167 мың гектар жер өртенген

189 рет
көрсетілді

Өткен жылы Қазақстанда 167 мың гектар орман отқа оранып, 6 млрд теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Бұл туралы ТЖМ Юрий Ильин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.   

«Табиғи өрттердің алдын тиімді жолмен алу және оларды жою азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің назарын аударған негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Жыл сайын елімізде 800-ге жуық орман және дала өрттері мен басқа да өрттер болады.

Былтыр еліміздің орман қорында 751 өрт тіркелді. Отқа оранған орман алқабы 167 мың гектарды құрады. Экологияға келтірілген зиянды есепке алмағанда, тек тікелей материалдық залал 6 млрд теңгеден асты», деді ведомство басшысы.

Айтуынша, әсіресе Шығыс Қазақстанда орман өрті жиі тіркелуде. Бұл өңірде бір жылда осындай 194 жағдай болған. Сондай-ақ Ақтөбе - 123 (16,4%), Павлодар – 114 (15,2%), Қостанай– 100 (13,4%) облыстарында орман өрті көбірек болған.

«Өрт қаупінің жоғары ықтималдығы биыл да сақталуда. Жыл басынан бері бізде 42 көктемгі орман өрті тіркелді. Өрттің жалпы аумағы 668 гектарды құрады.

«Қазгидрометтің» болжамды деректері бойынша алдағы өрт қауіпті кезеңде орташа температура +30ºС құрайды. Ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде құрғақшылық пен температураның +40ºС дейін жоғарылауымен жауын-шашын тапшылығы болжанады. Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады», деді Төтенше жағдайлар министрі.

Аяна Тоғанбек