• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2022

Қант импорты азаяды

299 рет
көрсетілді

Қазақстан қант импортын 32 пайызға төмендетеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Жыл сайын қантты тұтыну шамамен 532 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде отандық шикізат есебінен 7 пайызы ғана қамтамыз етілген. Бұндай кем көрсеткіш өндірістің - ұсақ болуына, суаруға арналған судың жетіспеуіне және қант қызылшасын өсіру кезіндегі қол еңбегіне, қант зауыттарының тозуына, ресейлік өндірушілер тарапынан бағаның демпингіне байланысты болып отыр», деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, сумен қамтамасыз ету проблемасы шешіліп, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейтіледі. Техникалық жарақтандыру жұмыстары іске асырылып, саланы инфрақұрылымдық дамыту қолға алынады. Сонымен қатар қант зауытын жаңғырту және салу жобаларын іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделеді.

«Демек, қант өндірісін 7 есе 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32 пайызға төмендету күтілуде. Бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7-ден 43 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген нәтижелерді алу үшін 5-6 жыл ішінде субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет», деді Ербол Қарашөкеев.

Аяна Тоғанбек