• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Сәуір, 2022

Алматыда батуттық гимнастикадан ел біріншілігі өтеді

198 рет
көрсетілді

Алматыда батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әртүрлі жас санаты бойынша өтетін чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Айта кетерлігі, аталған ел чемпионаты биылғы әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып саналды. Батуттық гимнастикадан биыл әлем чемпионаты 16-19 қараша күндері Болгарияда өтеді. 

 Аяна Тоғанбек