• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Пікір 27 Сәуір, 2022

Ерте тұрудың нығметі

2431 рет
көрсетілді

Бұрынғы өткен бабаларымыздан бізге жеткен: «Ерте тұрған жігіттің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» дейтін өсиет бар. Яғни көнеден келе жеткен бұл тәмсілді тәпсірлер болсақ, атқан таңмен таласып ерте тұрған жігіттің отбасылық

Яғни көнеден келе жеткен бұл тәмсілді тәпсірлер болсақ, атқан таңмен таласып ерте тұрған жігіттің отбасылық берекесі артып, ризығы молайса, ерте тұрған әйелдің ісі бітіп, ырысы ілгерілемек екен. Бұндай үлгілі үрдіс тек бізде ғана емес, басқа халықтарда да бар көрінеді. Айталық, парсы жұрты: «Ерте тұрған адамның арман-мақсаты ерте орындалады» десе, қытайлықтар «Таңда ұйықтап жатқан адамның ба­қы­ты, өзімен бірге ұйықтайды» дейді екен. Сол сияқты XIX ғасырда өмір сүрген Май­лықожа жырау: «Жаман тоймас мал десе, Диқан тоймас жер десе, Ер тілеуін береді, Ертеден тұрып ерлесе», деп ерте тұрудың нығметі жайлы айтыпты.

Өз кезегінде үлкен жетістіктерге жеткен шығармашылық адамдары құнды туындыларының ең бір тамаша сәттерін таңмен таласа тұрып жазатыны жайлы көптеген дәлел келтіреді. Мысалы, Ахат Құдайбердиев өзінің әкесі Шәкәрім жайлы жазып, онысы «Жұлдыз» журналының 1992 жылғы №11 санында жарық көрген естелігінде, әкей жарықтық басты-бас­ты терең ойлы шығармаларын таңертең ерте тұрып, ғаламға арайлы таң шапағы шашылған тұста жазатын еді десе, үлкен қаламгер қырғыз халқының заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов өзінің кемел туындыларына арқау болған керемет сюжеттер тек таңғы серуен үстінде көкейіне тыңнан келіп, таң нұрымен бірге құйылатыны жайлы естелік қалдырыпты.

 Осында айтылғандай, адам баласына дүниелік береке һәм шығармашылық шабыт сыйлайтын таңғы уақыттың тыныш сәті мен арайлы шағы жайлы лирик ақын Сырбай Мәуленов өзінің «Таңғы тыныштық» атты жырында:

«Мөлдіреп тұнып ауа таңғы уақыт,

Дүние демін алып қалды жатып.

Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға,

Көз ілді ұйқы жеңіп балбыратып.

Аялап таңның осы тыныштығын,

Таратып көкжиекке нұр ұшқынын,

Келеді алтын арай көтеріліп,

Бастауға күллі әлемнің жұмыс күнін», – деп жырлағандай, кімде-кім таңнан шабыт іздесе немесе ризық-береке тілесе оны тәңір де қолдайды екен. Қадірлі пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Таң намазын оқығаннан кейін ризықтарыңды табудан қапыда қалып ұйықтамаңдар. Ертерек тұрып, ертерек қамданса Алла Тағала нәсіп етіп, ол пенде дегеніне қол жеткізеді» деп тегін өсиет қалдырған жоқ.

Сол сияқты, «Таңғы сауда – сауда, түскі сауда – қауға» деген атам қазақтың даналық сөзі бар. Бұл ұғым бір жағынан ерте тұрып жасалған сауданың берекелі болатынын жеткізсе, екінші жағынан адамның ең үлкен базары – оның өмірі екенін меңзеп тұрғандай. Айталық, мына бір бәйітте: «Таңғы уақыт – уақыттардың тірегі, Ұлы Алла таң мен түнде тұр еді, Таң азанмен дұға қылып сұрасаң, Тірлігіңнің мәні сонда кіреді, Ғапыл адам таңғы уақыт қадірін, Күндіз кетіп кеш батқанда біледі» дегені тәрізді.

Әлем мұсылмандары білетін төрт мәзһаб имамдарының бірі имам Шафиғи бірде таң намазынан кейін үйіне қайтып келе жатып, бір кісімен кездесіп қалады. Әлгі адам бірінші болып имамға сәлемін беріп, жақсы тілек-дұғасын жасап болып: «Қалай таңды атырдыңыз?» деп сұраған екен. Сонда имам Шафиғи таңды қалай атырғанын былайша түсіндіріпті: «Менен таңды сегіз нәрсені қалаған күйде атырдым». Сұрақ қойған кісі имамның жауабына таңданып: «Уа, имам! Сізден кім сегіз нәрсені талап етуде? Сіздің ешкімде ақыңыз жоқ емес пе?!», дейді. Әңгіменің астарына түсінбеген пендеге күлімсірей қараған имам: «Мен сізге әр күнгі таң менен нені қалайтынын айта­йын», дейді де:

 – Жаратқан Алла менен парыз амалдарын қалайды; Алланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар менен өзі өсиет еткен сүннетін қалайды; әйел, бала-шағам күнделікті нәпақасын қалайды; нәпсім өзіне бағынғанды қалайды; шайтан ізіне менің ергенімді қалайды; екі иығымдағы екі періште жақсы және жаман амалдарымды жазғанды қалайды; өткен күндерім қартайғанымды қалайды; жан алушы періште болса, өлімге дайын болуымды қалайды. Міне, осылармен бірге таңды атырамын. Әр күні осы сұрақтар менен жауап күтеді, – депті.