• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Сәуір, 2022

Әділетті қоғам құрудың негізгі тетігі

585 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде конституциялық өзгерістер енгізуге бағытталған бірқатар бастаманы атап өткен болатын. Жалпы, алдағы өзгерістер Жаңа Қазақстан құру идеясының заңды жалғасы болып отыр. Қазір біз Президенттің бастамалары мен саяси реформаларының қалай жүзеге асатынын түсіндік. Конституцияға енгізілетін өзгерістер – әділетті қоғам құрудың қолданыстағы негізгі тетігі.

Өзгерістер саяси институттарға айтарлықтай әсер етеді. Негізгі Заңға депутаттарды, оның ішінде бір мандатты округтерден сайлауды көздейтін жаңа сайлау жүйесі енгізілетін болады. Бұл өзгеріс жас кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан бірінші кезекте Әділетті Қазақстан екенін атап өтті. Сондықтан Конституцияға енгізілетін түзетулерде көзделген адам құқықтарын қорғау мәселесі қоғамның өзгеруіне, жаңа сатыға көтерілуіне сеп болары даусыз.

Конституциялық өзгерістер Конституция­лық сот сияқты жаңа құрылымдар құруды қарас­тырады. Бұл жаңашылдық азаматтар­дың құқықтарын қорғау қағидаттарын едәуір дәрежеде күшейтеді. Қатардағы азаматтар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің оған жү­гіну мүмкіндігі, бұл қазақстандықтардың мүд­делерінің, құқықтары мен бостандықтарының сақ­талуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Қазақстанның өлім жазасынан толығымен бас тартқанын, енді бұл жаза нормативтік-құқықтық деңгейде айқын­далмағанын атап өткен ләзім. Бұл норма өте қарапайым болып көрінеді. Өйткені мұндай жаза шектеулі екені рас. Бірақ оның толық жойылуы біздің қоғамды адам құқықтарын сақтау ісінде жаңа биікке бастайды.

Әрқайсымыз өзгерістерге тікелей жауапты екенімізді түсінуіміз керек. Біз бәріміз осы елде және осы қоғамда өмір сүреміз, сондықтан Жаңа Қазақстан идеясы баршамызға ортақ. Біздің болашақты қалай құратынымыз, әділетті қоғамды қалай қалыптастыратынымыз тікелей өзімізге байланысты.

 

Тимур ЖҰМЫРБАЕВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы

 Кеңесінің мүшесі,

«Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы