• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Сәуір, 2022

Зеленский G20 саммитіне шақырылды

191 рет
көрсетілді

G20-ның келесі саммиті күзде Индонезияның Бали аралында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

G20 саммитіне Украина президенті Владимир Зеленский қатысады. Бұл туралы Украина басшысы Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Украина басшысын форумға телефон арқылы сөйлесу барысында Индонезия президенті Джоко Видодо шақырды.

«Мен оған (Джоко Видодо) БҰҰ-дағы айқын ұстанымы және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс айттым. Біз азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқыладық. G20 саммитіне шақырғаныңыз үшін рахмет», деп жазды Украина басшысы.