Ақтау әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«3 мамырдан 5 шілдеге дейінгі кезеңде дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына жабу жоспарланып отыр. Бұл күндердегі рейстер таңғы және кешкі сағаттарға ауыстырылады», делінген хабарламада.
Аяна Тоғанбек