Алматының Алатау ауданында биыл жаңадан 50 аялдама салынады. Осылайша, қоғамдық көлік аялдамаларының жетіспеушілігі толық шешілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы әкімінің айтуынша, Алатау ауданында маршруттық желілер, жылжымалы құрам, сондай-ақ автобус аялдамалары жетіспейді.
Бұл проблемалар «Алғабас», «Теректі», «Рахат-Мәдениет», «Ұлжан-2», «Шаңырақ-1», «Қарасу», «Саялы-2» шағын аудандарында бар.
Осы шағын аудандарда 15 маусымға дейін 3 жаңа маршрут ашылады, 4 маршрут (№109, 129, 25, 57) ұзартылады және күшейтіледі. Сонымен қатар, №115 маршруттағы барлық жылжымалы құрам жаңартылды.
«Бүгінде бүкіл аудан аумағына 50 жаңа аялдама қажет. Жыл соңына дейін біз олардың салуын қамтамасыз етеміз. Осылайша, аяладама жетіспеушілігін толық шешеміз», деді Ерболат Досаев.
Аяна Тоғанбек