Қызылордада денесінің 90 пайызын қабыршық басып кеткен 5 жасар Жасұлан Қорғанбек есімді баланың ата-анасы оны емдетуге ақша таба алмай отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Анасының айтуынша, баласы өмірге келгенде, денесін күйік шалғандай болып туған. Міне, содан бері балаақй осы аурудың азабын тартып келеді.
Дәрігерлер оның ихтиоз ауруына шалдыққанын айтады. Ол жаман науқас меңдеген Қазақстандағы жалғыз бала. Ата-анасы оның неден болғанын білмейді. Бірақ туа-бітті осындай. Дәрігерлер бұл тұқым қуалайды деген. Әйткенмен, отбасында ондайға шалдыққан жан жоқ. Біздің елде көпшілікке түсініксіз дерттің емі жоқ. Алматыда қосымша ем қабылдаған. Бірақ қайран болмады дейді анасы. Сондықтан, үйде өздері күтіп, бағуда. Ал, шетел асып, шипа іздеуге қаражаты тағы жоқ. Қайғыдан қан жылаған ананың бір ғана арманы Жасұланды шетелдік дәрігерлерге көрсету болып отыр.
«Жанына батқан жарадан қиналғандығын білдіргісі келмейді бала. Өте көңілді, алғыр. Артынан ерген іні, қарындасымен асыр салып ойнап жүр. Бізбен де еш жатырқамай, тілдесті. Өз қатарластарынан ойының озықтығы байқалады. Жасы 5-ке енді толатынына қарамастан, түрлі тақпақтарды жатқа айтады», - дейді арна тілшісі.
Жасұлан қазір тақпақ айтып, домбыра шертеді екен. Сүп-сүйкімді сәбиді осы күнге дейін қоғам шеттетіп келді. Денесін көріп, балабақшалар да бұл баладан бас тартты. Содан болар, анасы баланы көп далаға шығармайды.
Қоғамнан қағажу көрген балақайдың армандары да үлкен. Екі аяғымды қатарластарыммен тең басып жүрсем, мектепке барсам дейді. Жазды күндері түнді кірпік ілмей атырды. Өйткені ыстықта мына денедегі жара құтырып, баланың терісі киімге де, жатқан жаймаға да жабысып қалатын. Содан әке мен шеше кезек күзетіп, баланың аяқ қолын көтеріп, демеп, жаймаға жабысып қалмауын қадағалады. Жасұлан туралы жалпақ жұрттың біле бастағанына бір айдай болды.
Отандық мамандар бұл дерттің емделмеу мүмкін екенін айтып отыр. Дегенмен, Әзербайжан мен Израильде ауруын басуға көмектесетін ем тәсілдері бар көрінеді. Тек оның әрбір қабылдауы 8 миллион теңге. Ал ондай ақша жас отбасыда жоқ. Сондықтан Жасұланның жақындары көптен көмек сұрауға мәжбүр. Қолұшын беруге ниеттілердің экранда көрсетілген нөмірге хабарласуына болады.
Мұрат Айтқожа.
Дереккөз: КТК.
Фото: КТК.
Байланыс телефоны:
(Карточкаға аудару үшін) KZ886010 00 200 548 41 11 «Халық банкі», +7 702 884 44 37, +7 701 606 31 83.
Телефондары: анасы Ұлбибі Ықыласова +7 702 884 44 37; әкесі: +7 701 606 31 83; атасы: +7 777 783 83 10.