• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Сәуір, 2014

Ақмолада жер саудалаған шенеунік ұсталды

314 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы жер телімін саудаға салып, пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады. Белгілі болғандай, Мариновка ауылының кәсіпкері өзінің шаруасын одан әрі дамыту мақсатында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысынан жер сұраған. Шенеунік бұл мәселені тез арада шешіп беру үшін кәсіпкерден 1 млн. теңге талап етеді. Ақыры ол келісілген мерзімде кәсіпкерден ақшаны алу сәтінде қаржы полициясы қызметкерлерінің  қолына түсті. «Атбасар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына   қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалды. Ол өз кінәсін мойындады. Қазір қылмыстық іс Атбасар аудандық сотына жіберілді»,-дейді Ақмола облыстық қаржы полициясы тергеу бөлімінің басшысы Асылхан Өтепов. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Хабар» телеарнасы. Фото: www. Caravan.kz.