• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Сәуір, 2022

«Қызылжар» клубының бас бапкері қызметінен кетті

215 рет
көрсетілді

Қазақстандық маман Андрей Карпович футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін «Қызылжар» клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Карповичтің Инстаграмдағы парақшасында мәлім еткеніндей, бұл шешімді ол өз еркімен қабылдаған.

«Өткен жылғы маусым біз үшін тамаша әрі қызықты болды. Біз Қазақстан атынан Конференция лигасында өнер көрсетуге жолдама алдық. Жігіттеріміз ел намысын абыроймен қорғайды деп үміттенемін және сенемін. Бұл – жақсы да мықты команда, тек сәттілік керек. Мүмкін, менің кетуім «Қызылжарға» сәттілік әкелетін шығар. Бұл тек менің шешімім екендігіне тағы да назар аударғым келеді. Клуб басшылығымен біз дос болып қаламыз. Осы кезеңде қолдау көрсеткен басшылыққа, әкімдікке, ойыншылар мен қызметкерлерге, бапкерлер мен жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін. Мен қашанда «Қызылжарға» жанкүйермін. Бәріне үлкен рахмет!», деп жазды А.Карпович.

«Қызылжар» ел біріншілігінде сегіз турдан кейін 13-орында келеді. Өткен айда А.Карповичтің екі матчта Қазақстан ұлттық құрамасын да жаттықтырғаны белгілі.

Аяна Тоғанбек