• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Сәуір, 2022

ШҚО-да үш мыңнан астам спорт секциясы ашылмақ

477 рет
көрсетілді

ШҚО-ның орта мектептерінде үш мыңнан астам спорт секциясы ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz Altaynews-ке сілтеме жасап

 

Облыста спорттық инфрақұрылымды кеңейту соңғы жылдары қарқын алды. Шалғайда орналасқан ауыл-аймақтарда салынған түрлі заманауи спорттық нысандар халықтың спортқа деген қолжетімділігін арттырды.

«Биыл облыс бойынша 14 спорт нысанының құрылысы жалғасады. Атап айтсақ, бір үстел теннисі орталығы, сегіз дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен екі бассейн салынады. Аудан орталықтарында, шекара маңындағы ауылдарда үш спорт модулі пайда болады», дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

 Жалпы, биыл бой көтеретін ірі спорттық нысанның бірі облыс орталығында елімізде теңдесі жоқ 58 кортқа арналған әрі 300-ге жуық көрермен орны бар үстел теннисі орталығы болмақ. Алдағы төрт жыл ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Оның 22 мың балаға арналған 1268-і биыл ашылады.

Сонымен қатар облыс орталығында жан басына қаржыландыру аясында спорттың 17 түрі бойынша 160 тегін секция ашылды.