• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Тәрбие 30 Сәуір, 2022

Ұлттық ұландықтар генералды мерейлі жасымен құттықтады

507 рет
көрсетілді

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің мәдениет үйінде мемлекет және әскери қайраткер генерал-лейтенант Болат Жанасаевтың 70 жасқа толуына орай құрметтеу кеші өтті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Egemen.kz

 

Аталған іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамы және ардагерлері,  күш-құрылымдардың өкілдері мен мерейтой иесінің жақындары қатысты.

«Генерал Болат Жанасаевтың өмірлік жолы өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады. Отанға риясыз қызметтің жарқын үлгісін Болат Бақытжанұлының өмірлік және әскери жолынан көреміз. Бүгінгі күні Ұлттық ұлан мен басқа да әскер түрінде қызмет атқарып жүрген жоғары лауазымды офицерлердің көбісі өздерін генерал Б. Жанасаевтың шәкірттері санайды. Біз бүгінгі мереке иесіне көп жылғы командирлік қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз», деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов.

Салтанатты жиын Ұлттық ұлан ән-би Ансамблінің орындауындағы мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ генерал Болат Жанасаев барша жинаған қауымға алғысын айтып, өзінің естелігі жинақталған кітабының тұсауын кесті.