• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Мамыр, 2022

Венгрия елшілігін Киевке қайта көшірді

147 рет
көрсетілді

Венгрия Украинадағы елшілігін Львовтан Киевке қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сиярто таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қауіпсіздік мақсатында венгр дипломаттары 3 наурыздан бері Львовта жүр. 

«Киевтегі елшіліктің жұмысын қалпына келтіру орынды. Осылайша, біз Украинаның мемлекеттік органдарымен байланыста болып, қажет болған жағдайда венгриялық немесе басқа ЕО азаматтарына көмектесе аламыз»,  деді Сиярто.