• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Мамыр, 2022

2023 жылы екі су құбырының құрылысы аяқталады

446 рет
көрсетілді

Талап су құбыры мен Преснов су таратқышының құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

Отырыс барысында министр топтық су құбырларының құрылысына қатысты баяндама жасады.

«Жоспарланған көрсеткіштердің орындалмай қалуына кей өңірде су өткізгіштердегі құрылыс жұмыстарының ұзаққа созылуы себеп болып отыр. Жағдайды түзеу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?», деп сұрады осы орайда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрден.

Серікқали Брекешевтің дерегінше, 2019 жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған 9 нысан болды. Соңғы үш жылда 6 нысанның құрылысы аяқталған.

«Оның ішінде 2019 жылы Қаражал, Сырдария мен Май топтың су құбырларын іске қостық. 2020 жылы тағы екі нысан – Қаскелеңнен Жиделі су құбырларын салып бітірдік. Былтыр Преснов су таратқышының екінші кезеңін аяқтадық. Қалған үш нысан бойынша тиісті жол картасы әзірленді. Соған орай биыл Есқұла су құбырының құрылыс жұмыстарын бітіруді жоспарлап отырмыз. Ал қалған екі нысан – Талап су құбыры мен Преснов су таратқышының құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған», деді ол.

Аяна Тоғанбек