Беларусь қарулы күштерінде аяқасты тексеру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы сәрсенбі, 4 мамырда Беларусь қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
«Тексеру барысында әскери бөлімдер мен бөлімшелер жауынгерлік дайындық, белгіленген учаскелерге аттану және жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындау мәселелерін пысықтайды», деп жазылған хабарламада.