• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Мамыр, 2022

«Астана» ВТБ Біріккен лигасына қатыса алмауы мүмкін

227 рет
көрсетілді

Демеушілер қазақстандық «Астана» клубына ВТБ Біріккен баскетбол лигасына қатысу үшін бюджет бөлуден бас тартты. Осыған байланысты команда қаржы тапшылығына байланысты турнирдегі орнын жоғалтып алу қаупі бар, деп хабарлайды Egemen.kz Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

«Астана» кәсіби баскетбол клубы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен 2011 жылдың наурыз айында құрылған. Команда Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы және тоғыз дүркін Қазақстан кубогының иегері.

Клуб ВТБ Біріккен лигасында, Қазақстан чемпионатында және Қазақстан кубогында өнер көрсетеді. 2021/22 маусымында «Астана» ВТБ Біріккен лигасының тұрақты маусымында 18 матчтың екеуінде ғана жеңіске жетіп, оныншы орынға тұрақтаған.