• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Мамыр, 2022

Қазақстан қанша елдің вакцина паспортын мойындады?

197 рет
көрсетілді

Бас санитар дәрігердің 35 мемлекеттің коронавирусқа қарсы вакцина паспортын Қазақстан аумағында жарамды деп тануды көздейтін қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осы қаулыға сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Бельгия Корольдігінде, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданында, Таиландта, Түркия Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», деп жазылған қаулы мәтінінде.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады.