• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Мамыр, 2022

Мемлекеттік хатшы сарапшылармен конституциялық реформаны талқылады

541 рет
көрсетілді

Бүгін Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қатысуымен «Конституция 2022: Екінші республиканың негізі» атты сарапшылар талқылауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, белгілі саясаттанушылар мен заңгерлер қатысты.

Кездесуде Ерлан Қарин Конституциялық кеңес оң қорытындысын берген Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар жайында сөз қозғады. Мемлекеттік хатшы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас баланысын оңтайландыруға, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын кеңейтуге және қазақстандықтардың конституциялық құқығының қорғалуын күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Ұлттық кеңес мүшелері мен саясаттанушылар ел Конституциясына енгізілетін өзгерістерді қолдады. Жиында аталған өзгерістерді әзірлеу барысында Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ұсынымдары ескерілгеніне назар аударылды.

Кездесу соңында сарапшылар конституциялық реформа қазіргі саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға негіз болады деп қорытынды жасады.