• RUB:
    5.47
  • USD:
    475.18
  • EUR:
    510.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Мамыр, 2022

Шымкентте екі оқушыны көлік қағып кетті

290 рет
көрсетілді

Шымкентте Hyundai жүргізушісі тротуарда тұрған екі оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 5 мамыр таңертең әл-Фараби көшесіндегі алтыншы емхананың алдында болған.   Жүргізуші әйел басқа көлікпен соқтығыспауға тырысып, тротуарға шығып кеткені белгілі болды. Осы кезде қиылыста екі оқушы бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған.   Бастауыш сынып оқушылары балалар ауруханасына жеткізілді.   Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі ережесін бұзуы адамдардың денсаулығына зиян келтiруге алып келуі) хаттама толтырылған.   Екі көлік те айыппұл тұрағына қойылды.