• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2022

Жылу электр орталығы іркіліксіз жұмыс істеуі тиіс – Әлихан Смайылов

573 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы СҚО-дағы сапарын жақында ғана ашылған электротехникалық зауытқа барып, өндіріс барысын көріп шығудан бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сонымен қатар Әлихан Смайылов наурыз айында апат болған жылу электр орталығына соғып, жұмыс жоспарын сұрап білді. Қазіргі таңда кәсіпорынның 6 қазандығын жөндеуге 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ал құлаған мұржаға сараптама жасалып жатыр.  Сапар барысында «Жөндеу жұмыстары сапалы әрі уақытында аяқталуы керек. Жылу электр орталығы іркіліксіз жұмыс істеуі тиіс. Бірінші мұржаны қалпына келтіру барысы да назардан тыс қалмасын. Бұл ретте мемлекеттік сараптамадан өтуді тездетуді тапсырамын», деді Премьер-Министр.