• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теңге Бүгін, 09:46

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 488,09 теңгеден сатып алынып, 494,97 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 568,00 теңге, сату бағасы – 577,99 теңге. Ал Ресей рублі 6,49–6,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Алматы қаласында доллар 490,32 теңгеден сатып алынып, 493,02 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 571,28–576,72 теңге аралығында. Рубльдің құны 6,52 теңгеден 6,67 теңгеге дейін жетеді.

Доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?

Шымкенттегі айырбастау орындарында долларды 490,91 теңгеден қабылдап, 493,02 теңгеден сатылады. Еуроның сатып алу бағасы 569,69 теңге болса, сату бағасы 575,79 теңгені құрайды. Рубль 6,54–6,62 теңге аралығында бағаланған.

Ұлттық банктің 3 маусымға бекіткен ресми бағамына сәйкес, 1 доллар – 493,15 теңге, 1 еуро – 574,17 теңге, ал 1 рубль – 6,77 теңге.

Айта кетейік, 2 маусым күнгі биржалық сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 3,59 теңгеге өсіп, 493,15 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар