• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Хоккей 06 Мамыр, 2022

Азия ойындарында қазақстандық хоккейшілер алғашқы кездесуде жеңіліп қалды

218 рет
көрсетілді

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық хоккейшілер алғашқы кездесуде Таиландпен кездесті. Ойын барысында олар қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама А тобында Оман, Таиланд, Гонконг және Өзбекстанмен шеберлік байқасады. Енді олар 7 мамырда Оманмен, 9 мамырда Өзбекстанмен ойнайды. Ал 10 мамырда Гонконг құрамасымен кездеседі.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Өзбекстан Гонконгтен 4:2 есебімен басым түсті. В тобында Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер аталған доданың финалдық кезеңінде екі мәрте бақ сынады. 1994 жылы 6-орын алса, 2018 жылы 11-орынды місе тұтты.