• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Мамыр, 2022

Канело мен Бивол титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

543 рет
көрсетілді

Мексикалық Сауль Канело Альварес (57-1-2, 39 KO) пен жеңіл салмақтағы WBA Super титулының иегері ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) Лас-Вегастағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бивол 79,2 келі көрсетті. Альварестің салмағы аздау болды - 79,1 килограмм. Олар жеңіл салмақ шегіне жетті (79,4 килограмға дейін).

Еске салайық, олардың жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 8 мамырда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтеді. 

Канело жеңіске жетса, Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туады.

Айта кетейік, Канело мен Головкин 2017-2018 жылдары кездескен болатын. Алғашында кім күшті екені анықталмады, ал екіншісінде мексикалық жеңімпаз атанды.