• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2014

Толеранттылық пен қазақстандық отансүйгіштікті нығайту идеяларына арналған «Қазақстан – достық бесігі» атты II фотоконкурсты өткізу туралы ереже

449 рет
көрсетілді

Іс-шара атауы: Толеранттылық пен қазақстандық отансүйгіштікті нығайту идеяларына арналған «Қазақстан – достық бесігі» атты II фотоконкурс (бұдан әрі – іс-шара). Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті. Өткізу уақыты: 2014 жылғы 9 сәуір – 28 шілде аралығы. Өткізу орны: Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық академиялық кітап­ха­­­насы, Астана қаласы, Достық көшесі, 11. Іс-шараның мақсаттары: қоғамдық келісімді дамыту және нығайту; Қазақстандық БАҚ фотосуретшілері мен фототілшілердің шеберлігін шыңдауға жағдай жасау; Қазақстанның мәдени алуантүрлілігін сақтау, мәдениеттерді өзара байыту, этнос­аралық толеранттылықты нығайту және сақтау, сонымен бірге, қоғамдағы саяси тұрақ­тылықты нығайту. Іс-шараның міндеттері: 1) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асыру; 2) Ұлттық бірлік доктринасы принциптерін жүзеге асыру; 3) отансүйгіштік сезімін дамыту және қоғамның жалпы мәдениетін көркемдік өнер тәрбиесі арқылы көтеру; 4) БАҚ фотосуретшілері мен фото­тілшілердің кәсіби өсуіне жағдай жасау; 5) қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуда жаңа қөзқарас қалыптастыру. Іс-шараны өткізу тәртібі мен шарттары: 1. Іс-шараға қазақстандық БАҚ фото­сурет­шілері мен фототілшілердің соңғы 3 жыл аралығында орындаған жұмыстары қабылданады. 2. Қазақстандық БАҚ әрбір фото­су­ретші мен фототілшінің жоғары кәсіби деңгейде орындалған, іс-шараның тақырыптық бағы­тына сәйкес келетін 5-тен кем емес және 15-тен аспайтын фотожұмыстарын ұсынуы тиіс. 3. Іс-шараны өткізу кезеңдері: І кезең – фотожұмыстарды қабылдау (2014 жылдың 9 сәуір – 31 мамыр аралығы); ІІ кезең – фотожұмыстарды іріктеу (2014 жылдың 1-25 маусым аралығы); ІІІ кезең – фотожұмыстардың көрмесі (2014 жылдың 25 маусым мен 28 шілде аралығы) және жеңімпаздарды марапаттау (2014 жылдың 25-28 маусым аралығы). 4. Іс-шараға дайындық жүргізу және оны өткізуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. 5. Іс-шараға қатысу үшін фото­су­ретшілер үстіміздегі жылдың 31 мамы­рына дейін ұйымдастырушыларға тө­­­­­­мендегі материалдарды жолдауы қажет: 1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес толтырылған өтінім; 2) қағаз және электронды түрдегі фотожұмыстар (атауы міндетті түрде); 3) көрмеге қойылған суреттердің фотоальбомын жасау үшін фото­жұ­мыстардың қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаша анықтамасы; 4) буклетті дайындау үшін қаты­су­шының қысқаша өмірбаяны мен суреті. 6. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтаруға жатпайды. 7. Сарапшылар комиссиясы мен қазылар алқасы фотосуретшілердің үздік жұмыстарын іріктеуді жүзеге асырады. Фотожұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін іс-шараның бірінші кезеңін сарапшылар комиссиясы қамтамасыз етеді. Содан кейін, сарапшылар комиссиясымен іріктеліп алынған жұмыстарды қазылар алқасы балдық жүйе бойынша бағалайды. Үздік деп танылған жұмыстар дипломдармен және «І орын», «ІІ орын», «ІІІ орын» үшін берілетін бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ, ынталандыру үшін «Дипломант» жүлдесі белгіленеді. 8. Қоғамдық және басқа ұйымдар демеушілер Ұйымдастыру комитетінің келісімімен өз жүлделері мен сыйақыларын белгілеуіне құқылы. 9. Жүлде қоры бекітілген шығыстар сметасына сәйкес бөлінеді. Жүлделерді беру туралы шешім ашық дауыс беру негізінде іске асырылып, қазылар алқасы мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен рәсімделеді. 10. Қазылар алқасының шешімі іс-шара жеңімпаздарын марапаттау рә­­сімінде жария­ланады және қайта қаралмайды. 11. Іс-шара аясында іріктеу қоры­тындысы бойынша фотокөрме ұйымдастырылып, көрменің фотоальбомы жасалады. 12. Өтінім мен оған тіркелетін материалдарды мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғи­ма­раты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, тел. 8 (7172) 74-04-34, 74-04-57, e-mail: culture.kz@mail.ru.   Толеранттылық пен қазақстандық отансүйгіштікті нығайту идеяларына арналған «Қазақстан – достық бесігі» атты II фотоконкурсты өткізу туралы ережеге қосымша

Іс-шараға қатысуға өтінім

Төменде келтірілген мәліметтері бар қатысушының қолы қойылған өтінім ұйымдастырушылардың мекенжайына жолдануы қажет: 1. Т.А.Ә. 2. Туған күні. 3. Мекен-жайы мен телефондары көрсетілген жұмыс орны. 4. Қатысушының мекенжайы (заңды және пошталық). 5. Байланысатын тұлғаның телефоны, факсы, электронды поштасы. 6. Фотожұмыстың атауы. 7. Фотожұмыстың қысқаша анық­тамасы. 8. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (ЖСН міндетті түрде көрсетілуі тиіс).