• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Мамыр, 2022

Мемлекеттік хатшы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

603 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіс күніне орай елордадағы Жеңіс даңғылының бойындағы «Ақжайық» саябағында салтанатты шара өтті. Жиналған қауым қарғалдақтай қысқа ғана ғұмырында кейінгі ұрпаққа ұран болатындай ерлік жасай білген Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қойып, соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ тарихына Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сияқты аяулы есімдерді қалдырды. Хиуаз Доспанова қарсы жаққа әуеден қырғидай тисе, Әлия Молдағұлова мергендігімен жаудың зәресін алды. Ал Мәншүк Мәметова пулеметші ретінде тарихта қалды.

Ресми тарих Мәншүк Мәметованың 21 жасында Невель қаласы үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқанын айтады. Ұрыстағы маңызды нүктені жау қолына бермеу үшін басына снаряд жарықшағы тигеніне қарамастан, соңғы демі шыққанша айқасып, қарсы тараптың 70 сарбазын жер жастандандырғаны тарихқа қатталған. Бүгінгі шарада қазақтың батыр қызының сол ерлігі ұлықталды.

Аяна Тоғанбек