• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Хоккей 09 Мамыр, 2022

Хоккейден Қазақстан құрамасы Латвия командасымен екінші матч өткізеді

308 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан құрамасы Финляндияда хоккейден 2022 жылғы Әлем чемпионатына дайындық аясында Латвия командасымен екінші жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Латвия-Қазақстан ойынының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:30-да басталады.

Латвия мен Қазақстан құрамалары арасындағы бірінші жолдастық матч 8 мамырда өткен болатын. Бұл матч 0:5 есебімен қазақстандықтардың жеңілісімен аяқталған еді. Латвиялықтардан Николай Елисеев (11 және 15-минутта), Карлис Чуксте (13-минутта), Оскарс Батня (26-минутта) және Андрис Джериньш (60-минутта) шайба соқты.

13-29 мамыр аралығында Хельсинки мен Тампереде (Финляндия) хоккейден ӘЧ-22 өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Франция және Италия командаларымен ойнайды. Ел құрамасы турнирдегі өзінің алғашқы матчын 14 мамыр күні Дания құрамасымен өткізеді.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар