• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2022

Шығыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты

308 рет
көрсетілді

Жол апаты 8 мамыр күні сағат 11:20 шамасында Жарма ауданы, Шар қаласының маңында Омбы–Майқапшағай республикалық тасжолының 475/846-шақырымында болған.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы оқиға орнында мерт болды . Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Аяна Тоғанбек