Президенттер бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап, бауырлас екі мемлекеттің халқына құт-береке тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады.
Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және басқа да салалардағы өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты жандандыруға ерекше мән берді. Сондай-ақ көпжақты серіктестікті одан әрі жан-жақты дамытуға ниеттестік білдірді.
Бұдан бөлек көшбасшылар аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде осы жазда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуін қарастырды.
Аяна Тоғанбек