• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 10 Мамыр, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияға барды

360 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz БОРТ №1 Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар