Бразилияның оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатын су басты, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Оған бір апта бойы жауған нөсер себеп болды. Табиғат апатынан 3 адам көз жұмды. Тағы 44 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Өңірдегі өзендер арнасынан тасып, үйлерді су басты. Жүздеген адам баспанасыз қалды. Штаттың 22 қаласында төтенше жағдай тәртібі жарияланды.
Аяна Тоғанбек