Грекияның Ираклион қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарыстың соңғы күні қазақстандық Айсамал Сансызбаева 87 келіден астам салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстандық ауыр атлет қоссайыс қорытындысында 252 кг (серпе көтеруден – 112 кг, жұлқа көтеруден – 140 кг) нәтиже көрсетті. Бұл салмақта оңтүстіккореялық Хе Чжон Парк 281 кг (120+161) көрсеткішпен үздік шықты.
Тағы бір оңтүстіккореялық атлет Хье Ен Ким қоссайыс қорытындысында 253 кг (108+145) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Аяна Тоғанбек