• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Мамыр, 2022

Екі қазақстандық боксшы әлем чемпионатындағы жарысын жалғастырады

259 рет
көрсетілді

Бүгін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Жайна Шекербекова (52 келі) Пуэрто-Рико елінен келген Мелоди Варгасты айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Карина Ибрагимова (57 келі) румыниялық Клаудия Нечитаны тізе бүктірді.

Бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Алдымен күндізгі сессияда Аида Әбікеева (63 келі) алжирлік Имане Хелифпен кездеседі. Ал кешкі сессияда Надежда Рябец (75 келі) түркиялық Бушра Ишилдармен сынға түседі.

Әлем чемпионаты 20 мамырға дейін жалғасады..

Соңғы жаңалықтар