• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 12 Мамыр, 2022

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадаға қатысады

280 рет
көрсетілді

Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады. Халықаралық жарысқа спорттың 18 түрінен 234 қазақстандық оқушы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік гимназиада 14-22 мамыр аралығында Францияның Нормандия қаласында өтеді. Спорттық жарыстарға әлемнің 70 елінен 16-18 жас аралығындағы 3,5 мыңнан астам оқушы қатысады деп күтілуде.

«Дүниежүзілік гимназиадаға қатысу мектеп спортының және мектеп лигасының дамуына септігін тигізеді. Балалар жылы жас спортшыларымыз үшін осындай маңызды оқиғамен ерекшеленіп отыр. Ұлттық құрама 296 адамнан тұрады. Оның 234-і жас спортшы, 49-ы жаттықтырушы, 9-ы төреші және 4-еуі штаб мүшесі. Біз спорттың 18 түрінен өнер көрсетеміз. Оқушыларымыз барынша көп медаль алуға тырысады. Біз спорт түрлері бойынша мектеп лигаларын белсенді түрде дамытамыз. Балалар ол жарыстарға қуана қатысады. Оқушылардың спортқа жаппай қатысуы – біздің басты міндетіміз», деді ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығының директоры Сағдат Садықов.

Спорттық жарыстар Нормандияның 9 қаласында спорттың 20 түрінен өтеді. Қазақстандық оқушылар бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, спорттық бағдарлау, жүзу, жағажай волейболы, регби, спорттық гимнастика, садақ ату, таеквондо, семсерлесу, көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.