• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2014

Ақпараттар ағыны

285 рет
көрсетілді

● Қазақстанда кәсіпкерлерге алдағы аптадан бастап жеңілдетілген несие беріледі. Бұл кеше Үкіметтің шағын және орта бизнес жобаларын Ұлттық қордан қаржыландыру жоспарын бекіткенінен кейін анықталды. Елбасының ұйғарымымен енді бұл мақсатқа 100 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінетін болды. ● Елімізде биыл машина жасау өндірісінің көлемі 1 трлн. теңгеге жетеді. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Темірлан Алтаев мұның өткен жылғыдан 200 млн. теңгеге көп екенін айтты. ● Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас нығая түспекші. Мұның жайын баяндап берген Парламент Сенатының депутаты Икрам Адырбеков бүгінде екі ел шекарасынан күніне 2 мыңға жуық адамның өтіп тұратынын айта келіп, екі аралықта енді  кеңейтілген әріптестік қарым-қатынастың орнағалы тұрғанына, оның болашаққа бағытталған бірінші шарт болатынына тоқталды. ● Қазақстан халқының 65,5 пайызын қазақтар құрайды.  Бұл туралы бүгін Ста­тис­тика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті. «Жыл басындағы деректерге сәйкес Қазақстан халқының 65,6 пайызын қазақтар, 21,5 пайызын орыстар құрап отыр», деді ол. Оның атап өтуінше, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қазақтар саны табиғи өсім мен көші-қон есебінен артып келеді. ● Оңтүстік Қазақстанға екі мың дуадақ жеткізілді.  Біріккен Араб Әмірлігінен арнайы рейспен әкелінген бұл құстар Қызыл кітапқа енген. Жақын арада бұлардың екі жүзі Маңғыстау облысына жіберілсе, қалғаны Бетпақдалада ұшырылады. ● Ақтауда ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды. Облыстағы ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары аймақта саланың кенжелеп келе жатқанына назар аударып, бір топ шаруа қожалығының иелерімен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 24KZ, BNews.kz, Nur.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.